Ең үздік ұстаз анықталуда

Ұстаздар қолөнер жұмыстарымен таныстыруда

Ұстаздар үздік екендерін дәлелдемек. Қалалық, аудандық білім ошақтарының мұғалімдері мен колледж ұстаздары өзара сайысқа түсіп, «Ең үздік» деген атақ үшін бақ сынасуда. Оқушылар сарайында өтіп жатқан байқау үш күнге созылады. Ал жарыстың алғашқы күні қатысушылар қолөнер жұмыстарын қазылар алқасының назарына ұсынды.

Ұстаздар қолөнер жұмыстарымен таныстыруда
Ұстаздар қолөнер жұмыстарымен таныстыруда

Сонымен қатар байқау барысында әр үміткер шығармашылық шеберліктерін көрсетіп, білім беру әдісін таныстыруы тиіс. Сонымен қатар ғылыми жетістіктерін баршаға жайып салады.

Жыл сайын өткізілетін байқауда биыл 20 қатысушы бағын сынауда. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға құнды сыйлықтар үлестіріледі. Сонымен қатар бұл сын мұғалімдердің халықаралық дәрежеде біліктілік деңгейін арттыруда да сеп болмақ.

Мұғалімдердің кейбір жұмыстары қазақ хандығының 550 жылдығына арналған
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жұмыстар