Көп балалы аналар марапатталды

427
Ләззат Рысәлиева

Қала күні мерекесі аясында көпбалалы аналар да ардақталып жатыр. Бүгін Еңбекші ауданы әкімдігі көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс алқалары» мен тиісті кітапшаларын табыс етті. Гүл шоқтарын сыйлады. Құрметке бөленгендер арасында айтулы алқаны енді ғана еншілеп, «Батыр ана» қатарынан көрінгендер де бар.

Ләззат Рысәлиева
Ләззат Рысәлиева

Ләззат Рысәлиева, көпбалалы ана: «Өте қуаныштымын! Биыл мұндай тарту аламын деп күткен жоқ едім. Қазір 7 балам бар, ең кенжемнің жасы — 2-де. Үлкенім 19-да. Екі перзентім жоғарғы оқу орнының студенттері. Құдай қаласа, университет тәмамадап, елінің болашағына үлес қосар азаматтары болатынына сенемін».

Көп балалы аналар
Көп балалы аналар

Көп балалы аналар
Көп балалы аналар

Салтанатты іс-шара аясында әкімдік өкілдері еліміздің демографиялық дамуына үлесін қосқан әйелдердің жетінші баласына төленетін жәрдемақының артқанын жеткізді. Айта өтейік, бір ғана Еңбекші ауданында 1379 көп балалы ана бар. Оның 532-сі — Алтын, 871-сі Күміс алқа тағынған.