Жәрдемақы және әлеуметтік көмек беру мерзімі ұзарады

99

Жәрдемақы мен әлеуметтік көмек беруге қартысты өзгерістер. Бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін жәрдемақы мен әлеуметтік көмек беру мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарады.

Жауапты министрлік өкілдерінің айтуына қарай, егер әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алған адам жұмысқа ерте шыққан жағдайда, оның мөлшері мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде сақталады. Сонымен бірге енді аналарға берілген марапат та жәрдемақы мөлшеріне ықпал етеді.

Мысалы, «Алтын алқа» алған немесе бұрын «Батыр Ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін өседі. Бұл шамамен 23 мың теңге. Ал мүмкіндігі шгектеулі балаларды қараумен, оларға қызмет көрсетумен айналысатын жеке көмекшілердің жұмыс өтілі келер жылдан бастап зейнетақы тағайындау кезіндегі ескеріледі.