Қоржынға екі алтын медаль салынды

Оңтүстікте самбо күресінен ересектер құрамасы Қазақстан чемпионы атанды. Семейде өткен ел біріншілігінде жерлестеріміз 8 жүлдеге қол жеткізді. Оның 2-еуі алтын болса, біреуі күміс және үшеуі қола медаль.

60 келілер арасында Севара Нышанбаева және 72 келіде Айнұр Ақжігітова бірінші орыннан көрінді. Жарыста 12 команда сынға түскен болатын.

Қоржынға екі алтын медаль салынды

60 келіде Севара Нышанбаева – алтын медаль

72 келіде Айнұр Ақжігітова – алтын медаль

44 келіде Жадыра Пайыз – күміс медаль

64 келіде Нулифар Абилова – қола медаль

72 келіде Фатима Атаханова – қола медаль

Ауыр салмақта Ақерке Абдукаримова – қола медаль