Үстел теннисінен Қазақстан Чемпинатына баратын Шымкент командасының құрамы белгілі

289

2021 жылы қаңтардың 11-18 аралығында  Қарағандыда ересектер  арасында  өтетін  үстел теннисінен Қазақстан Чемпионатына Шымкент қаласының намысын қорғайтын команданың құрамы  белгілі болды.

Ерлер командасы:
1. Әкімәлі Бақдаулет -19 жас, Спорт шебері
2. Артукметов Ирисбек- 18 жас, Спорт шебері
3. Бесбай Жасұлан- 21 жас, Спорт шеберіне үміткер
4. Ирисалиев Сарвар – 21 жас, Спорт шебері
5. Алтай Азамат – 26 жас, Спорт шебері

Қыздар командасы:
1. Бахыт Анель – 17 жас, спорт шебері
2. Миркадирова Сарвиноз- 15 жас, спорт шебері
3. Шапей Таңшолпан – 19 жас, спорт шеберіне үміткер
4. Илхамжанова Малика- 21 жас, спорт шебері
5. Усипбаева Аида – 16 жас, спорт шеберіне үміткер

Шымкенттің командасы  Үстел теннисі  Федерациясының қолдауымен  чемпионатқа тыңғылықты  дайындалуда. Спортшылар «Бар күш-жігерімізді салып, жүлделі орындардан көрінуге ат салысамыз, жаттықтырушыларымыз, жанкүйерлеріміздің үмітін ақтауға тырысамыз»  деген спортшылар жаттығуларын  демеушілер салып берген спорт кешенінде жалғастыруда.

Шынар Оразова