Бас консул Марк Муди

АҚШ-тың Алматы қаласындағы бас консулы Марк Муди мырза ресми сапармен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Мәртебелі қонақ облыс әкімі Б.Атамқұловпен кездесіп, екі жақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Шетелдіктерге біздің өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылды.

Бас консул Марк Муди

Кездесу барысында ОҚО-ның медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселесі де сөз болды. Америкалық тарап оңтүстікқазақстандық дәрігерлерді онкологиялық, кардиологиялық және неврологиялық ауруларды, сонымен қатар балалардың ми салдануы ауруларын заманауи емдеу тәсілдерімен таныстыру мақсатында АҚШ-тың жетекші университеттері мен зертханаларында тәжірибеден өткізуге ықпал етуге дайын екендерін хабарлады.

Сонымен қатар өңір басшысы білім беру саласына ІТ технологияны ендіріп, оны қала мен ауыл мектептерінде қолжетімді ету облыс басшылығының басты мақсаттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Кездесу нәтижесі бойынша М.Муди американ делагациясының атынан қонақжай өңірімізге алғысын білдіріп, ОҚО-ның инвестиция тарту мүмкіндігін бағалады.

Облысқа іс-сапар аясында делегация Назарбаев зияткерлік мектебінде «Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі» атты конференцияға қатысуды жопарлауда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі