Otyrar.kz сайты – үздіктер қатарында

453
Марапат

«Отырар» тағы да озық шықты. Отырар.kz сайты үздік деп танылды. Мыңдаған оқырманның шынайы ақпарат көзіне айналған біздің сайт «Sanaq.kz интернет жүлдесі» байқауында екінші орынға ие болды.

Бұл – otyrar.kz сайтының алғашқы жеңісі. Республика бойынша әлеуметтік және ақпараттық сайттар арасында өткен байқауда «Отырар» медиахолдингі сайтының үздік деп танылуы редакция үшін күтпеген тосынсый болды.

Марапат

Конвергентті редакция толығымен 2011 жылдың соңында құрылып, сайт алғаш жұмысын бастады. Сол уақыттан бері шынайы әрі шұғыл түрде ақпарат таратуда белсенді қызмет атқарып келеді. Көптеген жергілікті және республикалық порталдар арасында otyrar.kz сайты ақпараттың негізгі қайнар көзіне айналған.

Марапат

Үздік деп танылған сайттың тілшілері – конвергентті редакцияның қызметкерлері. Тілшілер аз ғана уақыттың ішінде сайтпен қатар телеарнаға ақпарат дайындап, газетке мақала жазуды шапшаң және шынайы етіп жеткізуі тиіс.

[youtube]https://youtu.be/bzrH_qCCnYQ[/youtube]

Сөйтіп, отырарлықтар оқ бойы озық екендерін тағы бір дәлелдеді. Медиахолдингтің мәнді де мазмұнды ісі, Алла бұйыртса, әлі талай мәртебеге жеткізері сөзсіз.