Шымкентте тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда бірден 9 мәселе көтерілді. Кеңесте білім ошақтарының директорларынан бастап бөлім басшылықтары, аудан әкімі орынбасары сияқты лауазымды тұлғалардың тәртібі май шаммен қаралды.
Олардың барлығына дерлік өткізілген тендерлерде мердігерге артықшылықтар беру, сатып алу конкурстарында кемшіліктер жіберу, өкілеттілігін асыра пайдалану сияқты деректер бар. Мұндай дәйектердің көбін тексеру жүргізген аудандық прокуратура өкілдері келтіріпті.
Бір қызығы, құқық қорғаушылар тәртіптік кеңесте аталған олқылықтарды ортаға салуды ұсынып, кейіннен отырыс барысында олардың қысқартылуын сұранған. Құзырлы орган қызметкерлері толыққанды тексеру ісі аяқталмады деген себеп айтты. Ал тәртіптік кеңестің төрағасы мен комиссия мүшелері бұл сұранысты қабыл алды.