Зауытбек Тұрысбеков «Нұр Отан» партиясының хатшылығына тағайындалды

304
Зауытбек Тұрысбеков
Зауытбек Тұрысбеков

Зауытбек Тұрысбеков «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметіне тағайындалды. Зауытбек Қауысбекұлы қазақ химия-технологиялық институтын инженер-химик-технолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Зауытбек Тұрысбеков
Зауытбек Тұрысбеков

Жоғары партия мектебін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Қазақстанның көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, ішкі істер министрі қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы, Ресей федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі болды. Тағайындауға дейін З.Тұрысбеков Қазақстан Республикасының Украинадағы және Молдова Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарды.