Оңтүстік Қазақстан облысындағы су қоймалары мен өзен-көлдерден тұрғындарға келеп қауіп жоқ. «Оңтүстік су шаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары осылай деп сендіреді.
Өңірде республикалық меншіктегі 19 су қоймасы бар. Өткен тәуліктердегі нөсер жауыннан Түркістан, Ақтөбе, Қошқорған су қоймаларына айтарлықтай су толған.
Алайда, ол тиісті нормадан төмен, жалпы сыйымдылықтың шамамен 70-80 пайызын құрайды. Аудан әкімдіктері мен су саласының мамандары, төтенше жағдай қызметкерлері арнайы техниканың көмегімен қашыртқылар мен бөгендер жасады дейді жауаптылар.