Шымкентте нөсер жаңбырдан кейін көшелерді су басты

151

Шымкентте 3 күннен бергі тоқтамай жауап жатқан нөсер салдарынан көшелерді су басты. Департамент жаңбыр салдарынан суды шығару жұмыстарын үйлестіру бойынша дағдарыс орталығында жедел штаб құрды. Департаменттің Өрт сөндіру бөлімшелерінің мобильді топтары көтерілді. Гарнизон бойынша кезекшілікке жеке құрамның 146 адамы 43 бірлік техника (негізгі 27 бірлік, арнайы 14 бірлік, қосалқы 2 бірлік) түсті.

Сағат 08: 30-да Департаменттің 26 бірлік мотопомпалары, жеке құрамның 57 адамы мотопомпалармен жұмыс істеуге жұмылдырылды.

Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Абай аудандарында жаңбыр суы тартылуда.
Негізінен аула учаскелері, көшелер су астында қалды.

ТЖД күшімен барлығы 17 учаскеде жұмыстар жүргізілуде, онда 17 бірлік техника, 18 мотопомпа, жеке құрамның 73 адамы жұмылдырылған. Қазіргі уақытта 6 учаскеде жұмыстар аяқталды, олардан шамамен 100 текше метр су сорылды.