Есірткіні аяқ киіміне тыққан азамат ұсталды

476
Шекара

Шекарадан есірткі алып өтпек болған азаматтың жолы кесілді. Оның аяқ киіміне жасырылған есірткіні тауып алуға қызметтік ит көмектескен.

Шекара

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында заңсыз тауар тасымалдамақ болған азаматтың теріс пиғылы Жібек-Жолы кеден бекетінде әшкере болып отыр. Қылмысты ашу барысында шекарашылар мен мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметкерлері бірге жұмыс істеді.

Қолға түскен азаматтың жасы – 36-да. Оның сол жақ аяқ киімінің ұлтанынан полиэтилен пакетке оралған зат тәркіленген. Сараптама қорытындысы бойынша оның салмағы 6 грамм гашиш екені мәлім болды. Қазір Өзбекстаннан елімізге есірткі алып өтпек болған азаматқа қатысты қылмысты кодекстің 286-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.