Úı ANONS Шекарада мыңға жуық малды заңсыз әкету әрекеті әшкереленді

Шекарада мыңға жуық малды заңсыз әкету әрекеті әшкереленді

Түркістанда 1000 бас ұсақ мал тиелген бірнеше жүк көлігі ұсталды. Азамат қолданыстағы шектеулерге қарамастан, заңсыз арналарды пайдаланып, малды елден тысқары шығаруға әрекеттенген. Алайда арам ойы жүзеге аспады. Ол шекарадан өту кезінде қолға түсті.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІ ӨКІЛІ: «24 сәуір күні Түркістан облысында жедел ақпаратты іске асыру барысында малды заңсыз әкету әрекеті тоқтатылды. Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде өткізу бекеттерінің бірінде шамамен 1000 бас ұсақ мал тиелген бірнеше жүк көлігі ұсталды. Осылайша ауыл шаруашылығы жануарларын елден заңсыз шығаруға жол берілмей, ішкі нарыққа кері әсердің алдын алуға және тапшылық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік туды».

 

Айта кету керек, мұндай алдын-алу шаралары мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып отыр. Ал, қолға түскен азаматтан жануралармен  көлік тәркіленді. Сондай-ақ, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Нұргүл Жолымбетова