Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері №15 Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу әрекетін тоқтатты.
🦮 Оқиға көлік бақылау-өткізу пунктінде «Газель» маркалы автокөлігін тексеру кезінде болған. Тексеру барысында ұландықтар «Шах» атты қызметтік-іздестіру итін қолданады.
🤝Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында тыйым салынған заттарды режимдік объектіге өткізу әрекеті дер кезінде тоқтатылды.
Осы факт бойынша тексеру жүргізілуде, оқиғаның толық мән-жайы және құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдар анықталатын болады.







