Алғыс айту күнінде өзгелерге қуаныш сыйлағандар да көп болды. Бүгін Шымкенттегі ірі жолаушылар тасымалдау компаниясы мүмкіндігі шектеулі балаларға тарту жасады.
Қайырымды жандар қалаға жиі шықпайтын балаларды арнайы көлікпен қыдыртып, динозаврлар көрмесін тамашалауға мүмкіндік жасады. Көздері нашар көретіндері қолдарымен ұстап, алғашқы жануарлардың қандай болғанын сезінуге тырысты. Бүгінгі мерекені сыйлаған демеушілерге балалардың алғысы да шексіз болды.