Бүгін таңғы сағат 07:00-ден бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 1074 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Еске сала кетейік, 20 наурыз күні елімізде Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттарының кезектен тыс және мәслихаттар депутаттарын кезекті сайлауы өтіп жатыр.

Бейбіт Атамқұлов

Ең алғашқыларының бірі болып өзінің азаматтық парызын өңір басшысы да орындады. Бейбіт Бәкірұлф өзінің жұбайымен Шымкент қаласындағы А.Пушкин орта мектебінде орналасқан № 83 сайлау учаскесінде дауыс берді.