ОҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

751
Жақып Құттыбекұлы Бөкенбаев

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен 6 сәуір күні бұл лауазымға Жақып Бөкенбаев тағайындалды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жақып Құттыбекұлы Бөкенбаев
Жақып Құттыбекұлы Бөкенбаев

Жақып Құттыбекұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы – инженер-механик, бухгалтер-экономист.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы «3-Энергоорталық» ААҚ атқарушы директоры болып бастаған. 2002-2005 жылдары «3-Энергоорталық» ААҚ бас директорының бірінші орынбасары және бас директоры, «Түркістанэнерго» ААҚ оңалтуды басқарушысы және атқарушы директоры, «Оңтүстік Жарық» ЖШС директоры, «Астана-финанс» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі, «Қазақстандық коммуналдық жүйесі» АҚ-ның президенті, «Investment Company Capital Management» ЖШС-нің бас директоры ретінде еңбек еткен.

2009-2013 жылдары индустрия және сауда министрлігі өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрлігі электр энергетикасын және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры, электр энергетикасын және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры, «Казақэнергосараптама» АҚ электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Казақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болған.

Жақып Құттыбекұлы бұл лауазымда ол тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, энергетика, көлік, табиғат пайдалану мен тариф саясатын, байланыс және коммуникация салаларына жетекшілік ететін болады, деп толықтырады облыс әкімінің баспасөз қызметі.