Оңтүстіктің үздік жас режиссері анықталды

494
Хамит Мүтәлиев

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай күнгейде үздік киногерлер анықталды. «Жастар көзімен» облыстық қысқа метражды көркем фильмдер және әлеуметтік бейнероликтер байқауы мәресіне жетті.

«Оңтүстікфильм» мекемесі ұйымдастырған өнер сайысында 1-орынды 10 минуттық «Қортықтың махаббаты» туындысы жеңіп алды. Режиссері — Хамит Мүтәлиев.  2-орынды Нұрсұлтан Әділхановтың «Ойлан» фильмі еншіледі. Ал 3-орынға «Шұғыла»фильмі лайық деп табылды. Режиссері — Ерік Кеделбаев.

Хамит Мүтәлиев
Байқаудың 1- орын иегері — Хамит Мүтәлиев

Хамит Мүтәлиев, 1-орын иегері: «Өте қуаныштымын! Расында мұндай жеңісті күткен жоқпын. Жәй ғана жүлдеге іліксе болды деген үміт болған. Ал киноны бірнеше жыл түсірдік, әуесқой түсірілім болғасын, біздің арнайы камераларымыз бен техникалық жабдықтарымыз жеткіліксіз болды. Бұған қарамай, сапалы дүние жасауға тырыстық. Еңбектің авторы да — өзіміз. Мұндағы көрерменге айтқымыз келген ой — сезім мен махаббат адамның түр-тұлғасы, бойы мен қажырына қарамайды, ол — ұлы сезім! «Сұлу — сұлу емес, сүйген сұлу» деген қанатты сөздің шындық екенін көрсету болды. Біз мұны жеткізе алдық деп ойлаймын.»

«Үздік оператор» арнайы сыйлығын Зұлпыхар Нұрхат алды. «Үздік сценарий» деп Айдос Әбдікариевтың еңбегі «Құшақтап алмаппыз» фильмі танылды. «Үздік киноэффект» аталымын Ноғайбаев Қанат «Ана» атты туындысымен еншіледі.

Өзге де қатысушылар арнайы сыйлық және алғыс хаттармен марапатталды.