Татулыққа үлес қосқандар «Бауырмал» сыйлығын алды

362
Татулыққа үлес қосқандар "Бауырмал" сыйлығын алды

Шымкентте «Тәуелсіздік тұғыры — мәңгілік ел» тақырыбында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 19-сессиясы өтті. Жиынға өңірдегі этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер, өкілетті және атқару органдарының мамандары мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.

Сессия барысында өңіріміздегі мемлекеттік этносаясатты дамытуға елеулі үлес қосқан 15 белсендіге облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығы табыс етілді.

Татулыққа үлес қосқандар "Бауырмал" сыйлығын алды

Сессияның жұмысына қатысқан қоғам қайраткері, жерлесіміз, Қазақстан халқы ассмаблеясы төрағасының орынбасары Розақұл Халмұрадов мемлекеттегі әрбір отбасы мықты болса, еліміздің тұтастығы да берік болады деген сенімде.

Жиында өңіріміздегі мемлекеттік этносаясатты дамытуға елеулі үлес қосқан 15 азаматқа облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығы табыс етілді. Марапатталғандардың арасында №6506 әскери бөлімінің рота командирі, 3-дережелі «Айбын» орденінің иегері Ербол Отарбаев та болды. Қазығұрт ауданының тумасы ел тыныштығына қауіп төнгенде ерлік көрсетті.

Құрметке бөленген әрбір азамат өз ісіне адал, өмірлік жолы өзгелерге үлгі болар тұлғалар. Түймегүл Ергешқызы ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 8 баланы бауырына басып, тәрибелеп отырған көпбалалалы ана.

Жиынға қатысушылар сессияны қорытындылап, ассамблея мүшелерінің жаңа құрамын бекітті.