Оңтүстікте Нұрсұлтан есімді жүз жеткіншек бір мезгілде «Нұрсұлтан ата» әнін орындады. Осынау айта жүрерлік оқиға Астана күнін атап өту кезінде болды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
«Жан жүрегім — Астана!» салтанатты іс-шарасын бастап берген өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов аймақ жұртшылығын мейраммен құттықтады.
— Осы ширек ғасыр ішінде еліміздің 18 жылдық тарихы Астана атауымен тікелей байланысты. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа астанасын қалыптастыру — елімізді барынша нығайту және қарышты дамыту жөніндегі саяси стратегиясының жемісі. Президент пен қазақстандықтардың ерен ерік-жігерінің нәтижесінде әлемдегі таңдаулы астаналармен сәулет жағынан бой теңестіре алатын осы заманғы озық мегаполис қалыптасып келеді, — деді аймақ басшысы өз құттықтауында.
Іс-шара аясында «Астанаға арнау» поэтикалық композициясы оқылып, сахнаға Нұрсұлтан есімді 100 бала шығып, «Нұрсұлтан ата» әнін орындады. Сондай-ақ, думан соңы еліміздің эстарада жұлдыздарының әсем әніне ұласты.
[youtube]https://youtu.be/_1OKELth6Yo[/youtube]