ОҚО әкімдігі мен Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі меморандум жасады

376
ОҚО әкімдігі мен Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі меморандум жасады

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов пен »Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ басқарма басшысы Айбатыр Жұмағұлов меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық »Нұрлы жол» бағдарламасының аясына іске асырылады.

ОҚО әкімдігі мен Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі меморандум жасады

Осы негізде банк салымшылары үшін мыңнан астам пәтер салынады. Несиелік тұрғын үй құрылысына жергілікті атқарушы орган желісімен ұлттық қордан 4,4 млрд теңге бөлінгені айтылды.

Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі, сондай-ақ, «Шымкент-сити» жобасын жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Қазір ауқымды құрылыс салынатын аумақ анықталып, жергілікті билік қажетті инженерлік коммуникацияны қарастырып жатыр.