Шымкентте әртістер қан тапсырды

429

фото - копияБүгін әртістер қан тапсырды. Облыстық қан құю орталығы мен «Қызыл ай» қоғамдық қорының өңірдегі филиалы әзіл-сықақ және сатира театрында «Қан өткізіп, донор бол» бірлескен акциясын ұйымдастырды. Белсенділік танытқан әзілкештердің арасында республикалық сахналарда өнер көрсетіп жүрген саңлақтар да бар.

Нұржан Құлшынбаев үнемі гострольдік сапарда жүреді. Алыс-жақын шет мемлекеттерге де жиі шығады. Қарбалас жұмыс денсаулыққа көңіл беруге мұрша бермейді дейді ол.

Дегенмен, орайлы сәтті оңтайлы пайдаланған өнер адамы бүгін акцияға ең алғаш болып келді. Тиісті сараптамалардан өтіп, өмірінде бірінші рет қан тапсырып донор атанды. Күн ұзаққа созылған шарада 20 шақты донор 8 литрге жуық қан тапсырды.

Ұйымдастырушылар халық денсаулығы үшін маңызды ақция қан тапшылығының алдын алып, хал үстінде жатқан науқастарды аман алып қалуға себеп болады дейді. Алайда «Қызыл Ай» қоғамының мүшелерін халықтың қан тапсыруға келгенде енжарлығы қынжылтады.

Сарапшылар бүгінде елімізде мың адамға 15 донордан келетінін айтады. Бұл дамыған елдердегі көрсеткішпен салыстырған 3 есеге төмен.