Прокурорлар: «Оңтүстікте алаяқтық азайды»

237
Прокурорлар:

Алаяқтық көрсеткіші бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы республикада үшінші орында. Алайда, күнгейдің прокурорлары соңғы 5 жылда тұрақты түрде өсіп келе жатқан бұл санаттағы қылмыс биыл төмендеді деп сүйінші сұрап отыр. Дей тұрғанмен, қыз-келіншектерді алдап-арбап, тұзағына түсіретін бақсы балгерлердің қулығы әлі де құрық байлатпай келеді.

Прокурорлар: "Оңтүстікте алаяқтық азайды"

Алаяқтықтың арасында телефон ұрлау да бар. Алдымен түрлі сылтаулар айтып, мәдениетті түрде уақытша қоңырау шалуға сұрап алады. Сосын көз алдыңызда ұялы телефоныңыздан көз жазып қала бересіз. Жыл басынан бері облыста дәл осындай 400-ге жуық қылмыс тіркеліпті. Жалпы, өңірде осы уақыт аралығында алаяқтыққа қатысты 3000-нан аса қылмыс орын алып отыр дейді прокурорлар.

Жылы сөздерімен нәзік жандылардың жүрегін жібітіп алатын бақсы-балгерлер де бүгінде прокурорлар назарына ілігіп отыр. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, жұрттың жолын ашамын деп, пысықайлықпен табыс табатындар көбіне арамза әрекеттерін іске асыру үшін жалдамалы пәтерлерге бас сауғалайды екен. Бұл ізіне түскен құқық қорғау органы өкілдерін шатастыру үшін жасалатын айла дейді прокурорлар.

Бір қуантарлығы, өңірде қылмыстық көрсеткіш бойынша көш бастап келген алаяқтық 20 пайызға азайыпты. Прокурорлар мұны алдын алу шараларының жолға қойылғанымен байланыстырады. Дегенмен, республикада жасалатын алаяқтық істердің орташа есеппен 60 пайызы күнгейде жасалады дейді салаға жауаптылар. Алдағы уақытта қадағалау органы өкілдері «Алаяқсыз қоғам» жобасы аясында мүдделі мемлекеттік оргендермен бірлесіп осы бағыттағы күресу шараларын нығайта түспек.

Биыл облыстағы соттарда жыл басынан бері салық мәселелеріне қатысты 100-ге жуық іс қаралды. Ал бұл көрсеткіш былтырығымен салыстырғанда едәуір аз. Бұл туралы осы саладағы өзекті мәселер талқыланған дөңгелек үстелде айтылды. Сот өкілдерінің айтуларынша, келіп түскен істердің қорытындысы көп жағдайда кәсіпкерлердің құқықтық сауатының төмендігін көресетеді. Сондай-ақ іскерлердің салық төлеуге келгенде уақыт оздырып, салғырттықа салынуы да даулы істерге әкеліп соғуда дейді жауаптылар.