«Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы сайланды. Өңірімізге арнайы іс-сапармен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жаңа басшыны таныстырып, куәлік пен Елбасының сенім хатын табыстады.
Енді бұл қызметті өңір әкімі Жансейіт Түймебаев атқаратын болады. Сонымен қатар партия филиалының кезекті 29-конференцияның күнтізбесінде тағы екі мәселе қаралды. Делегациялар құрамы бекітіліп, 2 жыл бойы атқарылған жұмыстардың да есебі тыңдалды. Кезек-кезек сөз алған партия мүшелері де жүмыс атқаруда кей кемшіліктердің орын алғанны, оны болашақта жөндейміз деген ойларын да жеткізді.