Қыркүйек айының соңында Ресейдің Анапа қаласында жасөспірімдер арасында кикбоксингтен әлем кубогі өтті. 27 мемлекеттен 800-ге жуық спортшы қатысқан жарыста Төле би аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері жүзден жүйрік шығып, жүлдегер атанды.
Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен спортшылар – 48 келі салмақтағы Базарова Сая мен 45 келі салмақтағы Нұрпапа Камшат жүлделі ІІ орынды иеленіп қайтты. Сая Базарова Көксәйектегі ОҚО орта Азиялық медициналық колледждің 2 курс студенті болса, Камшат Нұрпапа «Жеңіс» атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы.
Сондай-ақ, қыркүйектің соңы мен қазан айының басында Ресейдің Челябинск қаласында бокстан халықаралық турнир өткен болатын. Бұл турнирде де төлебилік Аида Тұяқбай (54 келі салмақта) І орынды иеленді.