Облыс әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдерінің қатысумен селекторлық мәжіліс өтті. Жиында тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өту барысы мен облыстағы қылмыстық ахуал және жылыту маусымының барысы туралы мәселелер қаралды.
Тәуелсіздік еліміздің үлкен жетістігі екенін айтқан облыс әкімі мерекені тойлауды қатардағы іс-шараларға қоспай, отансүйгүштікке тәрбиелейтін ерекше мерекеге айналдыру қажеттігіне тоқталды. Яғни, егемендік жылдарында атқарылған ерен істер жайы баяндалатын шаралар ұйымдастырылуы тиіс.
Жиынды қорытындылаған Жансейіт Түймебаев барша мекеме басшылары мен аудан, қала әкімдеріне ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын өз деңгейінде атап өтілуін жіті қадағалауды тапсырды және көтерілген әр мәселе бойынша нақты ұсыныстар күтетін жеткізді.