Оңтүстікке Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов жұмыс сапарымен келді. Министрдің орынбасары өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) жеке құрамына ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалған жаңа басшы – әділет полковнигі Атэльбек Досмағамбетовті таныстырды.
Атэльбек Сейітбекұлы 1965 жылы Ресейдің Курган облысында туған. Руденко атындағы Свердлов заң инситутын тәмамдаған. Құқық қорғау органдарында 1990 жылдан бері қызмет атқарып келеді.
Бұған дейін ОҚО бойынша ҚАЖ департаментінде біраз жылдар басқарушы қызметте болған. Соңғы атқарған лауазымы – Оңтүстік Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары.