Иммигранттарға қатысты ережелер өзгереді

23
фото qazaqtimes.com
Ішкі істер министрлігі Қазақстанға иммигранттардың келу және елде болу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы құжат әзірледі.
  • Иммигранттардың Қазақстанда болуына рұқсат мерзімі қашан аяқталады

1.Виза алуды талап етпейтін тәртіппен ҚР-ға келген көшіп келушілер үшін мемлекеттік шекарадан өткен күннен бастап 30 күн өткен соң, егер республиканың тиісті тараппен немесе ҚР үкіметімен келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, әрбір кезең ішінде 180 күнтізбелік күн ішінде жиынтық 90 күнтізбелік күн;

2.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін-мемлекеттік шекараны кесіп өткен күннен бастап 90 күнтізбелік күн өткен соң, әрбір кезең ішінде 180 күнтізбелік күн ішінде жиынтық 90 күнтізбелік күн
3.Қазақстанғакелуге виза негізінде келген иммигранттар үшін-виза мерзімі өткеннен кейін
4.Қазақстанда болудың өзге мерзімдерін айқындайтын ратификацияланған халықаралық шарттары бар мемлекеттердің азаматтары үшін – осы шарттарда көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін;
5.уақытша тұруға рұқсат рәсімдеген көшіп келушілер үшін-осы рұқсаттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін
6.Қазақстандаболу мерзімін бұрын жол берілген құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапқа тартылған көшіп келушілер үшін – әкімшілік жауапқа тарту туралы шешім шығарылғаннан кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң;
7.Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған көшіп келушілер үшін – сот шешімі негізінде оларды шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, жаза өтелгеннен немесе жазадан босатылғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң;
8.Қазақстанда тұрақты тұратын және ҚР-дан шетелге тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды рәсімдеген көшіп келушілер үшін-құжаттарды рәсімдегеннен кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң;
9. қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылған іс-әрекеттер жасалғаны туралы хабарлаған көшіп келушілер үшін – республиканың қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес өтініш қаралғаннан кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң;
10. Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға шартты түрде сотталған, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған көшіп келушілер үшін-тағайындалған жаза мерзімі не жазаның өтелмеген бөлігі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң;
11.қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен осындай қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленуші немесе куәгер деп танылған көшіп келушілер үшін – болу мерзімі қылмыстық істі тергеп-тексеру үшін қажетті кезеңге ұзартылады, бірақ күнтізбелік 90 күннен аспайды
12.ерекше жағдайларда (әлеуметтік, табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және дүлей зілзаланың немесе ауқымды аварияның (апаттың) нақты қатеріне, сондай – ақ көлік жұмысының кестесін бұзуға байланысты төтенше жағдай енгізілген кезде) – болу мерзімі шығуды ұйымдастыру үшін қажетті кезеңге ұзартылады, бірақ күнтізбелік 30 күннен аспайды.
Егер көшіп келу кезінде көшіп келушінің оған рұқсат етілген болу мерзімінен асып кеткені анықталса, кіруден бас тарту туралы шешім қабылданады, қағидалар жобасында атап өтіледі.