Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы тағайындалды. Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов құтқарушылардың жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды.
Ол — министр Қалмұхамбет Қасымовтың бұйрығымен тағайындалған Нұрболат Дербісов. Азаматтық қорғаныс ісінің подполковнигі бұған дейін осы департамент басшының орынбасары қызметін атқарып келген еді.