Оңтүстіктегі ХҚКО-да бірқатар қызмет уақытша көрсетілмей тұр

189
Шымкент тұрғындары қаладағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында уақытша тіркеуге тұра алады

Оңтүстіктегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында бірқатар қызмет уақытша көрсетілмей тұр. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкент тұрғындары қаладағы кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында уақытша тіркеуге тұра алады13 ақпан күні сағат 8.00-де әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасының істен шыққаны тіркелді, осыған байланысты қазіргі уақытта халықққа қызмет көрсету орталықтарында бірқатар қызметтерді алу мүмкін емес.

Ақаулықтар анықталысымен-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арқылы деректер базасын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Ақпараттық жүйе жұмысының қалпына келтірілгендігі туралы қосымша хабарланатын болады.

Қазіргі кезде ХҚКО-ларда келесі қызметтерді алу мүмкін емес болып табылады:
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу;
2. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;
3. Жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық паспортын беру;
4. Жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық паспортының телнұсқасын беру;
5. Жылжымайтын мүлік нысаны жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеуі құжаттарының көшірмелерін беру;
6. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;
7. Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
8. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру;
9. Жылжымайтын мүлік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымшаны беру;
10. Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
11. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;
12. Тұрғын үй көмегін тағайындау;
13. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік нысандарының мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру.

Осы ретте Қазақстан азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметіне тұрақты тіркеу де, уақытша тіркеу де қамтылатынын айта кету керек. Осылайша азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі деректер базасындағы ақаулар жойылғаннан кейін ғана қолжетімді болады.