Шымкентте домбыра-party өтті

Шымкентте домбыра-party өтті

Шымкентте кезекті домбыра-party өтті. Саз колледжінің студенттері қазақтың киелі домбырасын қолға алып, қоғамдық орындардың бірінде нағыз ән шашу ұйымдастырды. Дәстүрлі өнерді жалғастырушы жас буын домбыра тартып, халық әндерін нақышына келтіре орындады.

Мейрам қарсаңында өткізілген шара шымқалалықтарға тарту ретінде болды. Жастардың айтуынша, «Домбыра-пати» деп аталатын бұл кешті олар алғаш рет ұйымдастырып отырған жоқ. Өнерлі жастар өзара келісіп, қаладағы саябақтарда да өткізіп тұратын көрінеді. Олар киелі аспапты дәріптеп, жаңаша стильде жаңғырту парызымыз деп біледі.