Теңге бағамына мұнай бағасы қалай әсер етеді?

623

С:Теңге бағамына мұнай бағасы қалай әсер етеді?

Ж: Сарапшылардың пікірінше, мұнай экспортына тәуелді Қазақстанның ұлттық валютасының құнсыздануына әлемдік нарықтағы мұнай бағасының күрт төмендеуі ең басты себеп болып отыр.
Мұнай баррелінің 28-30 долларға дейін құлдырауы экономикаға көптеген қиындықтар әкелді. Дегенмен теңге бағамының тым төмендеуіне бұдан басқа да көптеген факторлар әсер ететіні даусыз. 1997 жылдары мұнайдың баррелі 23,13 доллардан 10,45 долларға дейін арзандады. Соның салдарынан теңге бағамы 40 пайызға дейін құлдырап, 1 АҚШ доллары 130-138 теңгеге жеткені есте. Араға екі жыл салып барып мұнай бағасы қайта көтерілді. Алайда, мұнай бағасының өсуімен теңге бағамы тұрақтанып, нығая қойған жоқ.


Әлемдік нарықта шикізат бағасының арзандауы теңге бағамына оң әсер етпейтін факторлардың бірі. Өйткені еліміздегі экспортталатын өнімінің 55 пайызын мұнай, 15 пайызын металл құрайды. Дәл бүгінгі уақытта шикізаттың осы түрлеріне деген сұраныс азайып барады. Әлемдік экономиканың даму қарқыны төмендеуіне байланысты шикізатқа деген сұраныс төмендеді.
Экономистердің сөзінше, мұнай бағасы бұрынғыдай ешқашан қымбаттамайды. Керісінше 20 доллардан да төмен түсуі әбден мүмкін. «Сондықтан да шикі мұнай өндіріп сатумен ғана айналысатын Қазақстан валютасының құнсыздану процесіне тежеу салу мүмкін емес» деп есептейді сарапшылар.

Дайындаған – Гүлжан Жұмаш