Шымкент қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы қаламызда 1 мамыр мерекесі қалай атап өтілетінін хабарлады.
Сонымен, Қазақстан халқы бірлігі күнінің негізгі іс-шарасы Әл Фараби алаңында өтеді. 1 мамыр күні сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін «Бірлік. Татулық. Достық» атты театрланған арнайы көрініс қойылмақ.
Концерттік бағдарламаны қаламыздағы шығармашылық және это-мәдени бірлестіктер әзірлейді. Ал Абай, Жеңіс жәен Орталық саябақ пен Нұрсәт шағынауданындағы Бәйтереков гүлзарында 11:00-ден 15:00-ге дейін жаппай серуен болады деп күтілуде.