Шымкентте алғаш рет той көрмесі өтті

Шымкентте алғаш рет той көрмесі өтті

«Шашылсаң, тойда шашыл» деп, ұлан-асыр той жасау – қазақтың менталитетіне сіңген қағида іспеттес. Оның ішінде шарықтап тұрған той-бизнес экономиканың жеке саласына айналып келеді. Шымкенттегі көрме орталығы алғаш рет ұйымдастырып отырған «Той эксклюзив – 2017» көрмесі – соның бір дәлелі. Нағыз мерекеге айналған аталмыш жиында тойға қажеттінің бәрі заман сұранысына сай ұсынылған.

Қазақ әдет-ғұрпының тең жартысын қамтитын той-томалақ үлгісі жыл санап Европаға жақындап келеді. Қыз жасауы, баннер, кортеж, тойбастар, торт, тіпті, тойды жадырататын әнші-бишілер де солай. Бүгінгі көрмеде күнгейлік 30 компания ұсынған өнімдер мен қызмет түрлерінен бұл айқын аңғарылады.

Шымкентте алғаш рет той көрмесі өтті

Бүгінгі көрмеге жиналған көпшілік арудың назарын аударған, ең алдымен, әрине, қалыңдық көйлегі. 2017 жылғы сән үлгілеріне сай салтанаты жарасқан көйлектер көздің жауын алады. Солардың арасында бүгінде 8 жыл бойы күнгейлік қалыңдықтардың көркін ашып келетін той көйлектері.

Гүлчехра Шакаримова, көрмеге қатысушы: «Бүгін – біз үшін айтулы мереке. Көрмеге арнап, соңғы сән стиліндегі сегіз көйлегімізді ұсына келдік. Жалпы, той саласы – жоғары жауапкершілікті қажет ететін сала. Сондықтан біз секілді кәсіп иелеріне жол ашатын мұндай шараның бастау алғанына ризамыз.»

«Тойдың болғанынан, боладысы қызық». Өмірдің жаңа белесіне әрбір жан жанын салып дайындалатыны рас. Тойдың басты кейіпкері – қалыңдық үшін мүлтіксіз көрініс бәрінен де маңызды.