Úı ANONS Қазақстаннның U16 футбол чемпионаты Шымкентте өтіп жатыр

Қазақстаннның U16 футбол чемпионаты Шымкентте өтіп жатыр

Бәсекенің басты мақсаты — 16 жастағы ойыншыларға тәжірибе жинақтауға жол ашу, үміт күттіретін футболшыларды анықтап, оларды премьер-лига мен бірінші лига клубтарында кәсіби деңгейде ойнауға дайындау. Бүгін жасыл алаңда өңірдің жас командалары — «Оңтүстік» пен «Арыс» кездесті.

 

ДИАС КЕНЖЕБАЕВ, «ОҢТҮСТІК» АКАДЕМИЯСЫ КЛУБЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: «Бүгінгі матч  жақсы ойын болды, қарсыластар мықты, оңай болған жоқ дер едім. Мен «Оңтүстікте» қалғым келеді. «Ордабасыда» ойнағым келеді, өйткені ол Қазақстандағы танымал команда және сол жерден өсіп шығуға болады».

 

Бүгінгі алаңнан ертеңгі күні еліміздің жетекші клубтарының намысын қорғайтын жас талаптарды көруге болады. Жас спортшылар үшін мұндай турнирлер — кәсіби мансапқа бастар баспалдақ, мамандарға өз шеберлігін көрсетіп, клубтардың назарына ілігудің үлкен мүмкіндігі.

 

БАҒЛАН ҚОЖАБАЕВ, «ОҢТҮСТІК» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Бүгін бізде 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтіп жатыр. Бүгін біздің «Оңтүстік» академиясының командасы 2009 жылы туған «Арыс» командасымен ойнап жатыр. Біздің бұл турнирлердегі басты мақсатымыз – жігіттер тәжірибе жинақтап, болашаққа дайындық жасау. Қазір жігіттер 16 жаста, олар еліміздің премьер-лигалары мен чемпионаттарына қатысуы тиіс. Бұл турнир Қазақстан футбол федерациясының аясында өткізіліп жатыр, бүгінгі таңда 232 спортшы футболмен айналысады, бірінші лига өздерінің аға тәрбиеленушілерімен бірге 4-орында келеді».

 

Матч «Оңтүстік» командасының сенімді жеңісімен аяқталды — алаң иелері «Арыс» командасын 4:1 есебімен ұтты. 16 жақа дейінгі футболшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты 26 шілдеге дейін жалғасады.

Ботакөз Әнуар