«Изуми» сауда желісі ерлер үшін Gauche-тің тағы бір бөлме-сөресін ұсынады. Жаңа жасақтан жейделер мен шалбарлардың сапалы сан үлгісін табасыз. Талғамы кең топтамамен алғашқылардың бірі болып, біз де танысып қайтқан едік.

Күнгейдегі аптап ыстықта арулар қауымы ғана емес, ерлер де киім-кешек гардеробын маусымға сай алмастырып, жаңартуды қалайды. Бірақ сәнді әрі жинақы киімнің топтамасын табуда қиналатын кездері көп. Бұған сапасы мен бағасының сай келуін қосыңыз. Маңызды мәселені шешуде Сізге әдеттегідей, «Изуми» сауда желісі көмектеседі. Құны қалтаңызға қонымды және сапасы да сенімді.

Ал қаламызда «Gauche»  брендтік өнімдерін білмейтіндер кемде-кем. Себебі фирманың жейде, шалбар сынды сапалы киім-кешектерін 17 жылдан бері өздеріңізге «Изуми» сауда желісі ұсынып келеді. Көпшіліктің сұранысындағы «Gauche» топтамасы қазір жәй бренд қана емес, әмбабап құбылысқа да ие. Мәселен, күнделікті киім делінетін дүниені бір сәтте салтанатты кешке де киіп, емін-еркін жүре аласыз.

Буленд Дегир, «Gauche» дүкенінің директоры: «Біздің киімдерді күнделікті жұмысқа қалай кисеңіз, дәл солай той-томалаққа да киюге болады. Сапасы мен сәніне баса назар аударамыз, мерекелік киімдер екенін бірден көзіңіз шалады. Және кез келген талғамдағы сұранысты қанағаттандыра аламыз».

«Gauche»-дің өнімдері

«Gauche» бренді 1985 жылы Түркияда жасалып, қолданысқа енген. Сәнді топтамадан кэжуал, яғни күнделікті киімдердің ыңғайлы түрі мен классиканың кең үлгілерін табасыз. Ал матасы — таза табиғи шикізаттан дайындалған. Енді «Изуми» сауда желісінің тәжірибелі кеңесші-мамандары Сіздің аз уақыттың ішінде қалаған киіміңізді таңдап, оның жеке түр-тұлғаңызға жарасымды болуына көмектеседі.

Ирина Бычкова

Ирина Бычкова, «IZUMI GROUP » ЖШС-нің директоры: «Gauche» — бұл классикамен сәнді өзге де үлгілердің үйлесімділік табуы. Қуантарлығы, өнімге деген сұраныс саны күн санап артып жатыр. Сондықтан жаңа топтамамен танысып, сатып алудан Сіз де қалыс қалмаңыз. Біздің есігіміз әрдайым ашық».

Айта өтейік, алдағы той-жиын, мерекелік кештер мен мектеп бітіру салтанатына дайындалып жатсаңыз, тұтынушыларын тәнті етуден жалықпайтын «Изуми» сауда желісі қаламыздағы»Нұрсәт» шағынауданында орналасқанын еске саламыз.