Тәжікстандағы жер сілкінісі Шымкентте сезілді

682

Қазақстанның Оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді. Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, сілкініс 3 мамырда шамамен сағат 10:49-да тіркелген. Тараз бен Шымкент тұрғындары да сезінген дүмпу Қырғызстан аумағында және магнитудасы 5,9 болғаны айтылады.

Ошағы 5 шақырым тереңдікте жатқан. Тараз қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қала аумағында 2 балл, ал Меркі ауданында шамамен 3 балл жер сілкінісі сезілген. Қазіргі уақытта зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.

Ал шетелдік ақпарат порталдарының мәліметінше, Бішкектегі көпқабатты үйлерде сөрелердегі ыдыс-аяқ құлап, компьютерлердің мониторлары қозғалған.