«Ақсу» лагерінде екінші ауысым басталды

1697
"Ақсу" лагерінде екінші ауысым басталды

Облысымыздың барлық аудандарында жаз мезгілінде балалар тынығып, демалатын жазғы сауықтыру лагерьлері болуы тиіс. Жуырда өңір әкімі осылай деген еді. Осы орайда айта кетейік, Шымкент маңындағы Көлкенттегі Ақсу лагерінде жыл сайын әлеуметтік тұрмысы төмен отбасының балалары тегін демалады.

Шымкент қаласының сыртындағы Ақсу лагеріне қалалық білім бөлімі осыдан он жылдан астам уақыт бұрын қол жеткізген. Содан бері мұнда жыл сайын әлеуметтік тұрмысы төмен отбасының 2000-нан астам баласы жазғы демалысын қызықты өткізіп жүр. Лагерь маусым, шілде және тамыз айларында жұмыс жасайды.

"Ақсу" лагерінде екінші ауысым басталды

 

Шымкент қалалық білім бөлімінде әлеуметтік тұрмысы төмен отбасының 5500-ге жуық баласы тіркелген. Ендігі мақсат — сол оқушылардың барлығын жаз айында лагертмен қамтамасыз ету. Ақсу лагеріне сыймаған балғындар жекеменшік Арман және Үшбұлақ лагерлеріне жіберіледі. Ол үшін бюджеттен қаражат бөлінген.

"Ақсу" лагерінде екінші ауысым басталды

Айта кетерлік бір мәселе — қалалық білім бөліміне қарасты Ақсу лагерінің жанында қабырғасы тұрғызылып, шатыры жабылған ғимарат бар. Сала мамандары осы нысанды толық аяқтап, қолданысқа берсе, білім бөліміне қарасты демалыс сауықтыру орнына келетін оқушылардың санын артыруға мүмкіндік болар еді дейді.

Бұл мәселеден қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та құлағдар екен, тек мектептен тыс мекемелердің құрылысына тапсырыс облыстық құрылыс басқармасы арқылы жүргізіледі. Сол себепті шаһар басшысы жақын арада Ақсудаға жазғы сауықтыру лагеріне өзі баруды жоспарлаған сыңайлы.

Нұрлан Күдерұлы