Түлкібаста жаңа сауықтыру лагері ашылды

1731

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы Машат өзенінің шатқалында 300 балаға арналған «Машат-Арасан» емдеу сауықтыру лагері ашылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

006

Бес гектар аумақты алып жатқан бұл лагердің қайта жөндеу жұмыстары мен жаңа ғимараттар салу жұмыстарына 100 млн теңге жұмсалған. Сауықтыру орталығында бүгінгі таңда елуге тарта адам жұмысқа тартылып отыр.

005

Лагерде жатын бөлме, асхана, заманауи спорт алаңы, мәдени –сауықтыру алаңы, әкімшілік бөлмелерден тұратын ғимараттар орналасқан. Аталған балалар демалыс аймағына еліміздің барлық аумағынан балаларды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Атырау облысынан 300 бала демалуда.

004

Лагердің ашылуына «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ш.Жамалбеков, облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Б.Жанәбілов, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ө.Маткеримов қатысып, лагерге келген оқушыларға демалыстарын сәтті өткізулеріне тілек білдірді.

Бұл – Түлкібас ауданында ашылып отырған оныншы лагерь. Бүгінде ауданда екі мемлекеттік, жеті жекеменшік лагер жұмыс істеуде.