Úı Jańalyqtar Балалар қауіпсіздік ережелерін білуі тиіс

Балалар қауіпсіздік ережелерін білуі тиіс

Оқушылар жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін білуі тиіс. Осыны ескерген облыстық төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жазғы балалар лагеріне арнайы барды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=8EjcRe_VxnE[/youtube]

«Тау гүлі» және «Тау самалы» демалыс лагерінде болған мамандар балаларға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен жарақат алғанда көрсетілетін көмек туралы егжей-тегжей түсіндіріп берді.

600-ге жуық оқушы жедел құтқару жасағы мен судан құтқару қызметіне арналған түрлі ойындарға қатысты. Департамент қызметкерлері мұндай түсіндіру жұмыстарын балалар демалысқа шығысымен-ақ бастап кеткен болатын.

Бүгінге дейін лагерлердегі 1000 бала мен 200 қызметкер төтенше жағдай кезіндегі дұрыс іс-әрекеттің қыр-сырымен танысып үлгерген. Бұл шара жазғы демалыс маусымының соңына дейін жалғаспақ.