«Дильфуза – құрылыс бояулары» сауда үйінде ерекше семинар өтті

658

Шымкенттегі «Дильфуза – құрылыс бояулары» сауда үйінде ерекше семинар өтті. Дүкен басшылары оған өздерінің тұрақты клиенттерін шақырды. Жақында бұл сауда орнына жаңа өнім – экологиялық таза бояулардың бір партиясы жеткізілген болатын. Осы тауарды таратып сатушыларға ұсынған дүкен иелері ресейлік зауыттың да маманын шеберлік сабағын өтуге шақырыпты.

«Дильфуза – құрылысқа қажетті бояулар» сауда үйі облыстағы нарықта 10 жылдан бері бар. Сол уақыттан бері заманауи әрі сәнді жабындар, құрылыс бояулары мен сырларын негізгі жеткізушілердің біріне айналып үлгерген. . «Ашурметова жеке кәсіпкерлігі – «Диль-колорс» компаниясы көптеген ресейлік сыр-бояу зауыт-әзірлеушілермен бірге жұмыс істеп келеді. Сондықтан, мұнда әрлеу материалдары қолжетімді бағамен сатылуда.

Дильфуза Ашурметова, «Ашурметова жеке кәсіпкерлігі – Dil Colors» ЖК директоры: «Біздегі баға нарықтан төмен деуге болады. Себебі, біз осы зауыттардың өкілдігіміз және дүкенімізге өнімдер тікелей жеткізіледі. Біз негізінен құрылыс бояулары, сырларын, қоспалар, шпаклёвка, герметик, желім, құрылғыларды ұсынып отырмыз.»

"Дильфуза - құрылыс бояулары" сауда үйінде ерекше семинар өтті

Дүкен қызметкерлері бұл жолы құрылыс заттарын үнемі осы сауда орнынан сатып алып жүрген клиенттерін шеберлік-сабағына шақырды. Ресейдегі белді өндірушілердің бірі, бояу-сыр шығаратын ВГТ зауытының мамандары өздерінің жаңа өнімдерін ұсынуда. Соңғы технология бойынша жасалған экологиялық таза бояуларды енді Шымкенттің құрылысшылары да сатып ала алады.

Людмила Антипова, «VGT кәсіпорны» АҚ маркетинг директоры: «Бұл бояулар кез келген жерге жақсы жағылып, берік орнайды. Ұзақ уақытқа өңін бермей, сақталады. Арнайы сұйықтық емес, су қосып, сұйылтуға болады. Бұл бояумен жұмыс істейтін адамға ешқандай қорғаныш заты қажет емес. Нысанның сыртына да, ішіне де пайдалануға болады. Бұған қоса біз әрлеу жұмыстарына қажет грунтовка, шпатлёвка, эмаль секілді заттарды ұсынамыз.»

Сауда үйінің әкімшілігі бұл күні бояу мен сырды үнемі өздерінен сатып алып жүретін тұрақты клиенттеріне сыйлық табыс етті. Оларға дәстүр бойынша теледидарлар, тоңазытқыштар, және барлық өнімге 20 пайыз жеңілдіктер табыс етті.