«Мисс Ақжарқын және Ко» оқу-білім беру орталығы ұтыс ойнатты

586

Шымкенттегі «Мисс Ақжарқын және компания» оқу-білім беру орталығы өз оқушылары үшін көңілді де әсерлі мереке ұйымдастырды. Оқу орталығының басшылығы ұйымдастырған «6+6» науқанында балғындар қызықты лотерея ойынына қатысып, сыйлыққа кенелді.

Симка және Бамбл, Оптимус роботтары – бұл кино және мультфилімдердің танымал кейіпкерлері, олар балалардың көңілін көтеру үшін арнайы жүр. Ерекше кейіпкерлер, көзге түсетін роботтармен билеп, түрлі ойындар ойнау үшін, тіпті көрші үйлердің балалары да ағылып жатыр.

Мереке сыйлықтар мен сыйақыларға толы лотерея ойынына жалғасты. Оған «Мисс Ақжарқын және Ко» орталығының кез келген оқушысы қатысуға мүмкіндік алды. Бағы жанғандарға әдемі және ыңғайлы арқақоржындар бұйырды. Ал басты сыйлық – 6 ай бойы тілдер курсынан тегін қатысуға мүмкіндік беретін сертификат.

"Мисс Ақжарқын және Ко" оқу-білім беру орталығы ұтыс ойнатты

Қарлығаш Тәжімұратов: «Менің екі қызым осы курстарға қатысады. Келіп жүргендеріне 6 айдан асты, оларға қатты ұнайды. Міне, бүгін тегін оқу курстарына жолдама алды, ағылшын тілін терең үйренуге мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз.»

Ақжаркын Жамал, «Miss Akzharkyn & Co» оқу-білім беру орталығының директоры: «6+6″ деп аталатын бұл акцияны ұйымдастыруымыздағы басты мақсат – оқушыларымызға орталықта жарты жыл бойы ағылшын тілін терең әрі тегін меңгеруге мүмкіндік беру. Барлығы ойдағыдай өтті дей аламын. Біздің тұрақты келушілеріміз өте көп, ағылшын тілін оқытып жүргенімізге 10 жылдан асты. Мұндай науқанды қыркүйек айында тағы бір рет өткізсек деп жоспарлап отырмыз және қыркүйек айынан желтоқсанға дейін курсарымызға қатысатын кез келген оқушы тегінжолдама ұтып ала алады.»

«Мисс Ақжарқын және Ко» оқу орталығында ағылшын тілінің барлық деңгейі оқытылады. Қазақ тілі, орыс тілі, сондай-ақ математика, физика және ментальды арифметика дәрістері де өтеді. Бұл жерде қызмет етіп жүрген білікті мамандардың өскелең ұрпақтың білімін шыңдауға ат салысып жүргеніне 10 жылдан асты.

Тоғжан Нұрлан, «Miss Akzharkyn & Co» оқу-білім беру орталығының оқушысы: «Осындағы оқу курстарының көмегімен мен еш қиналмастан Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түстім. 1300 оқушының ішінде ең жоғарғы ұпай жинадым. Ата-анамның мені осы оқу курсына жаздырғанына қатты қуанамын, бұл жерде білім алып қана қоймай, көп достармен танысасың, уақытың қызықты өтеді.»

«Мисс Ақжарқын және Ко» оқу орталығының Шымкент қаласында үш бірдей бөлімі бар және ол жерге балаларды 6 жастан бастап қабылдайды.

Мекенжайы: Ғ.Іляев көшесі, 47. Тел: 21-50-27

3-ш/ауд. «Жаңа шаһар» аялдамасы (Каспий банктің сыртында). Тел: 97-53- 53

Нұрсәт ш/ауд., №220 үй, 4-пәтер. Тел: 39-42-42

Әлия Әділбек