Шымкентке шетелдік велосаяхатшылар келді

278
Шымкентте шетелдік велосаяхатшылар келді

Шымкентке шетелдік саяхатшылар келді. Бүкіл әлемді велосипедпен саяхаттап, мәдениетімен танысып жүрген ерлі-зайыпты Ришар Дёлаво және Бернадет ЭлеуЭт екі доңғалақты темір тұлпарларының басын Қазақстанға бұрды.

Франция Морле қалашығынан келген велосаяхатшылар бұған дейін еліміздің 3 қаласында болыпты. Зейнет жасындағы саяхатшылар алдымен Еуропаның барлығын кезіп шыққан. Содан кейін Ұлы Жібек жолы бойымен Орта Азия елдеріне бет бұрыпты. Қазақстан – осы жолдағы 17-ел.

Туристер жол бойы түрлі қызықтарды бастан кешіргендерін айтады. Барлығын фотоға түсіріп, арнайы күнделік жазып жүр. Кейін жариялаймыз дейді. Велосаяхатшылар Шымкенттені кейін Таразға бет алды. Одан кейін Бішкек, Алматы, Өскемен қалаларында болмақ. Шетелдіктердің есебі бойынша, бүкіл әлемді шарлау жоспарлары 4 жылға созылады.

Әлия Әділбек