Шымкеттен Шарм-эш-Шейх қаласына тікелей ұшақ қатынайды

195
Шымкеттен Шарм-эш-Шейх қаласына тікелей ұшақ қатынайды

Шарм-эш-Шейх деңгейіндегі шипажай Оңтүстік халқы үшін жақындай түсті. Шымкентте осы қалаға тікелей чартерлік ұшақ рейсі таныстырылды. Енді бұдан былай кез келген туристік агенттікте сізге тек ыңғайлы лайнерде ұшу мүмкіндігін ғана емес, тиімді бағамен туристтік пакеттер де ұсынылмақ.

Енді бар-жоғы 4 сағаттық сапармен сіз Қызыл теңіз жағалауындағы әлемдегі ең әйгілі шипажай-қалашыққа бара аласыз. Бұл тұрғыда жерлестеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер туып отыр. Енді саяхатшылар бұрынғыдай Алматы немесе Астанаға дейін билет сатып алып, сабылмайды. Тиісінше, демалыс уақтыңыз көбейеді дейді мамандар.

Шымкеттен Шарм-эш-Шейх қаласына тікелей ұшақ қатынайды

Егер Шарм-эш-Шейхтан тыс жерде демалуды ойластысаңыз, онда сізге виза рәсімдеуге тура келеді. Ол жұмысты қазір әуежайда-ақ іске асыруға болады. Егер демалысыңызды жағалауда өткізуді жоспарласаңыз, сізге визаның да қажет жоқ. Арнайы тур сатып алған клиенттер үшін тіркеу шипажай-қалашығында тегін жасалады. Бұл үшін де ұзын-сонар кезек күтіп, сандалмайтын болдыңыз. Сіз үшін бұл жұмыстарды туропретарорлар тас-түйін тындырады.

Мысырға – бұл естен кетпес нағыз рахат сыйлатын демалыс. Ал Selfie tavel туроператорларымен бұл жоспарыңызды әлдеқайда қолайлы әрі тиімді іске асыруға болады.

Мақпал Рысбаева