Құрсайлықтар электр жарығына жарымай отыр

Шымкенттегі Құрсай ауылы тұрғындарының тұтынып отырған электр шамынан айдың сәулесі жарық. Қуаттың аздығынан мұндағы халық үй техникасын пайдалануды айтпағанда кешкі уақытта бір-бірімізді әрең көреміз дейді. Тұрғындардың бұл проблемасымен жіті таныс жергілікті билік өкілдері, бірнеше жылдан бері құрғақ уәдемен халықтың шыдамын тауысыпты.

Құрсайлықтар электр жарығына жарымай отыр

Құрсайлықтар бұл күні 2500 шаңырақтың ортақ проблемасымен көшеге шықты. Халықтың айтуынша, 10 жыл бұрын өз күштерімен тартылған электор желісіндегі қуат халық саны көбейген сайын азайып барады. Үй техникасы қосылмайтын қуат үшін тіпті қымбат тариф төлеуге мәжүбір. Ал проблемамен жіті таныс жергілікті билік өкілдері бірнеше жылдан бері әне-мінемен келе жатқанын айтады.

Кәмшат Тәкишева Құрсайда 10 жылдан бері тұрады. Тоңазытқыш, желдеткіші күйіп кеткен ол бұл техникалардың қосылуы үшін электр қуаты тым аз екенін айтады. Тіпті, қос-қостап алған элеткр қуатын тұрақтандырғыш құралын да қосуға мүмкін емес екен айтады.

Құрсайлықтар электр жарығына жарымай отыр

Ал Абай аудандық әкімдігінің өкілдері мемлекет тарапынан жаңа желі тарту үшін жобаның дайын болғанын айтады. Және бұл үшін миллиондаған қаржы қажет дейді. Ал рроблеманың сағыздай созылуының өзіндік себептері бар көрінеді. Оның ең алғашқысы – Сайрамнан қосылған қосымша 1000 үй.

Сұхбат барысында жауапты маман 1-2 айда қалалық әкімдіктен қаржы бөлдіруін сұрататынын айтады. Ал құрсайлықтарға берген жазбаша жауабында 2018-2020 жылдарға арналған қаржы бюджетіне ұсынылатыны жазылған.

Асқар Сатпаев