ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

1027
ОҚО табиғи рестурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымды Ильяс Құрамысов атқарады.

Ильяс Шойбекұлы 1984 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша заңгер, экономист.

Еңбек жолын 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында басқарма маманы қызметінен бастаған. 2005-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокурорының көмекшісі, Алматы облысы Талдықорған қаласы прокурорының көмекшісі, Алматы облысы прокуратурасының мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі, Қазақстан Республикасы бас прокурорының көмекшісі, Астана қаласы прокуратурасы аппаратының басшысы, «Самрұқ Энерго» АҚ «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС бас директоры, Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік құқықтық бөлім басшысы қызметін атқарған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі