Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы серификаттар табысталды

445
Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы серификаттар табысталды

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы серификаттар табысталды. Осылайша зағип жандарға арналған 15 күндік массаж курсы аяқталып отыр. Оқыту курсы тегін жүргізіліп, «Мүгедек жастар қоғамынан» келген мамандар екі апта ішінде мүгедектермен жеке-жеке жұмыс істеді.

Бүгін «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен қолға алынған екі апталық массаж курсы өз мәресіне жетті. Зағип жандарға және көзі нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапханада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға массаж жасаушы мамандығы бойынша сертификат табысталды. Массаж курсын өтуге 50 шақты адам ниет білдірген. Оқу екі ауысымда жүргізіліп, мамандар массаждың бірнеше түрін үйретті.

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы серификаттар табысталды

Үйсенбаева Перизат: «Нүкте арқылы ауруларды, яғни гипертония, қан қысымын емдеуді үйрендік. Балалар массажы үйретілді. Өте жақсы үйретті. Содан нәтижесін көреміз, Алла бұйыртса.»

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқыту курсы ойдағыдай өтті. Мамандар тек массажды үйретіп қана қоймай, буын ауруларын уқалау арқылы емдеудің түрлі жолдарымен де бөліскендерін айтады.

Жандар Жанаев, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ОҚОФ төрағасы: «Алдағы жоспарда осы маманмен бір деңгейде қалып кетпеу үшін өзіміздің Шымкенттегі медколледжтерден 15-20 зағип мүгедектерге массаж курстарын ашсақ деген ойымыз бар.»

Алдағы уақытта «Қазақ соқырлар қоғамы» және «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестіктері тығыз байланыста болатындарын айтуда. Осылайша тек массажбен ғана шектелмей, зағип жандарға ағылшын, қытай тілдерін оқыту ойда бар дейді ұйымдастырушылар. Себебі, облыс бойынша 120 мың мүгедек болса, олардың 50 пайызы жұмысқа икемді. Осынау мүмкіндігі шектеулі жандардың алға қойған мақсаттары да айқын.

Әсем Жайлаухан