Зағип азамат мүгедек жандарға көмектесуде

568
Зағип азамат мүгедек жандарға көмектесуде

Бүгінде қаламызда зағип жандарды қолдау мақсатында ауқымды жобалар қолға алынуда. Бірінде екі апталық массаж курсын ұйымдастырса, енді бірі тағдырдың маңдайына жазғанына қарамастан өз кәсібін жалғастырып келеді. Өзі зағип жан Жұманәлі Сыздықов шаһарымызда зағип жандардың өз-өзін жұмыспен қамту орталығын ашты. Осылайша мүгедектерге көмек қолын созған кәсіпкер оларды тек жұмыспен ғана емес, баспанамен қамтамасыз етіп отыр.

Таяуда ғана Шымкентте зағип жандардың басын қосқан жиын өткен болатын. Аталмыш іс-шараға зағип жандарды жұмыспен қамту үшін түрлі мекеме басшылары және кәсіпкерлер келді. Соның бірі – Жұманәлі Сыздықов. Ол зағип жандарға арналған өзін-өзі жұмыспен қамту ортылығын ашып отыр.

Зағип азамат мүгедек жандарға көмектесуде

Бүгінде кәсіпкер тағдырдың маңдайына жазғанына қарамастан өз кәсібін дөңгелететуде. Оның Астана, Алматы қалаларында массаж орталықтары жұмыс істейді. Еліміздің басқада өңірлеріндегі мүгедектерді тек жұмыспен ғана емес, баспанамен және азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр.

Кәсіпкердің арманы көп-ақ. Тек қоғам тарапынан қолдау қажет дейді. Енді мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта зағип қыздарымызға арналған халва цехын ашу ойда бар екен. Қолға алынған ілкімді тірлік көпшіліктің көңілінен шығып та үлгерді.

Әсем Жайлаухан