Зағип жандар үшін массаж курсы басталды

641
Зағип жандар үшін массаж курсы басталды

Шымкентте зағип жандар үшін арнайы массаж курсы ашылды. Ол 15 күнге созылады. Мұндағы мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандарға жаңа кәсіп түрін үйрету дейді ұйымдастырушылар. Бұл бастаманы «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Абдумомынов қолға алған. Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында зағип жандарды жұмыспен қамту үшін түрлі жобалар іске асырылуда. Бұл курс – солардың бірі ғана. Ең бастысы, бұл курста мүмкіндігі шектеулі жандар тегін оқытылады.

Амандық Оспанұлы – зағип жан. Бірақ, көзім көрмеді деп, қол қусырып отырған эоқ. Өмірге деген талпынысы жоғары. Қаскелең қаласындағы арнаулы 2 айлық массаж курсын тәмамдады. Енді үш жылдан бері Түркістан қаласының тұрғындарына массаж қызметін ұсынып жүр.

Зағип жандар үшін массаж курсы басталды

Амандық Тұяқбаев: «Осы бағытта жұмыс істеп жатқаныма үш жылдан асып кетті. Одан ары қарай үйренгім келеді. Алдағы арман-мақсатым – өзіміз сияқты азаматтарға, халқыма бір септігімді тигізсем, пайдам тисе деймін.»

Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету аясында түрлі жобалар қолға алынуда. Арнайы мектеп түлектерін жұмыспен қамту мақсатында «Мүгедек жастар қоғамының» орны ерекше. Астанадан арнайы келген мамандар мүгедектермен жеке-жеке жұмыс істейтіндерін айтуда.

Зағип жандар үшін массаж курсы басталды

Мұрат Әбдімомынов, «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы: «Біздің ең басты мақсатымыз – мүгедектердің үйде отырып қалмауларын қамтамасыз ету. Себебі, көпшілігі жұмысқа икемді. Зағип жандардың сезу мүшесі жақсы танымаған. Сондықтан олардың қолынан келетін жұмыстың бірі массаж. Массаждың қыр-сырын үйретіп, олардың қоғамға пайдалы болғандарын қалаймын. Тіпті болмаса, отбасы қуаныш сыйлағандарының өзі бақыт!»

Қазір 50-ге жуық зағип жан курсқа қатысуды бастады. Оқу екі ауысымда жүргізілетін болады. 15 күндік оқуда қатысушыларға бас, қол, аяқ және арқаға арналған массаж түрлері үйретіледі. Енді алдағы уақытта тек массажпен шектелмей, басқа да кәсіптерді қолға алу жоспарлануда.

Әсем Жалғасхан