«Гарант» дүкені маңындағы арнайы іс-шара бойынша ресми орган ақпар берді

466

2017 жылдың 19 қыркүйек күні Шымкент қаласының «Гарант» дүкендері аумағында ОҚО ІІД және ОҚО ҰҚК қызметкерлері бірлесе отырып, деструктивті діни ағымдарының ұстанушыларынан құралған қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы іс-шара өткізді.

Тергеудің нұсқалары бойынша бұл топ мүшелері ұрланған телефондарды алып сатумен айналысқан. Олар мобильді құрылғылардың идентификациялық кодын өзгертіп, оған экстремистік сипаттағы ақпараттарды жазып, сатып отырған.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы